Жаңалықтар
15.04.2022

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ ӨТТІ

2022 жылғы 14 сәуірде Шымкент қаласына отандық өндірушілердің өндірістік алаңын қарап шығу және медициналық-фармацевтикалық кластер бойынша кеңес өткізу мәселелері бойынша жұмыс сапары өтті.

Коронавирус пандемиясы жағдайында Қазақстандағы экономикалық және инвестициялық белсенділікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды қарастыра отырып, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық фармацевтика саласын дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, 2025 жылға қарай еліміз өз фармацевтикалық өндірісінің үлесін 50%-ға дейін арттыруды көздеп отырғанын айтты.

Осы тапсырманы іске асыру үшін Үкімет фармацевтика өнеркәсібін дамытудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарын бекітті. Қабылданған Кешенді жоспардың негізгі бағыттарының бірі – фармацевтика ғылымын дамыту және әлемдік ойыншылардың қатысуымен жаңа өндірістер құрып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісін дамыту болып табылады.

Фармацевтикалық және медициналық өнімдердің отандық өндірісін дамытуды қолдауды жүзеге асыру үшін өткізілетін іс-шаралар аясында Бірыңғай дистрибьютор қаптамадан бастап өндірістің толық циклына дейін ірі брендтер еліне кіру үшін алаңды қамтамасыз ету бастамасын көтереді.

Жұмыс сапары барысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау орнын, шарттарын тексеру мақсатында Бірыңғай дистрибьютордың қоймасында мониторинг жүргізілді.

Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында өндірістік алаңды тексеру, дәрілік заттар мен медициналық техниканың өндірілетін номенклатурасымен танысу, оқшаулау мүмкіндігі мәселелерін талқылау үшін Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері «Химфарм» АҚ және «KAZMEDPRIBOR» ЖШС өндірістік алаңында болып қайтты.

Отандық өндірісті дамыту үшін қуатты ынталандыру – ТОП-50 Бигфармадан тұратын ірі әлемдік фарминдустриямен өзара іс-қимылды дамыту және R&D орталықтары типі бойынша отандық ғылыми-зерттеу институттарын, ірі медициналық жоғары оқу орындарының ғылыми зертханаларын тарту, сондай-ақ оларды еркін экономикалық және индустриялық аймақтарда өрістету болып табылады.

Осыған байланысты, отандық ғылыми-зерттеу институттарын, ғылыми зертханаларды, ірі медициналық жоғары оқу орындарын, отандық өндірістік алаңдарды тарту, инвестициялық жобаларды қолдау институттарын, жергілікті атқарушы органдарды тарту, сондай-ақ R&D орталықтары типі бойынша еркін экономикалық және индустриялық аймақтарда кластерлерді өрістету арқылы фармацевтикалық кластерлер құру орынды болып табылады.

Бұдан басқа, медициналық жабдықтар мен шығыс материалдарының өндірісі белсенді дамитын болады. Ел Президенті отандық өндірушілермен жасалған оффтейк-келісімшарттардың көлемі мен номенклатурасын кеңейтуді тапсырды. Бұл салалар инвестициялар үшін ашық және мұндай жобалар мемлекет тарапынан толық қолдауға ие болады. 

Бұдан басқа, Бірыңғай дистрибьютор Жұмыс сапары аясында Шымкент қаласының әкімдігімен R&D орталықтары типі бойынша өңірде фармацевтикалық кластерлер құру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске қатысушыларға фармкластерлерді дамытуға арналған мемлекеттік қолдау құралдары ұсынылды. Тараптар, өз кезегінде, мемлекеттік органдар, ғылым және бизнес қойылған міндеттер бойынша бірлесіп жұмыс істеп, тандемде дамуы тиіс екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Бірыңғай дистрибьютор Оңтүстік Кореяның Денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының қолдауымен Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы медициналық-фармацевтикалық кластерлерді құру және әзірлеу аясындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кореялық ірі фармацевтикалық кластерлермен дөңгелек үстел өткізді.

Аталмыш дөңгелек үстел нәтижелері бойынша Бірыңғай дистрибьютор қымбат инновациялық өнімдер өндірісін дамыту, саланы технологиялар трансфері, оны цифрландыру бағытында ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірледі. Атап айтқанда, медициналық-фармацевтикалық кластерлерді құру бастамасы мен Нұр-Сұлтан, Ақтөбе және Шымкент қалаларында кластерлердің жоғарғы деңгейлік құрылымы әзірленді.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар фармкластерлерді құру – барлық қатысты институттар мен компаниялардың өзара іс-қимылы үшін бірыңғай алаң құруды талап ететін ауқымды жұмыс екенін атап өтті.

Фармацевтикалық кластер – бұл дәрілік заттарды әзірлеуші – географиялық локализацияланған өзара байланысты инновациялық фирмалар, өндірістік компаниялар; жабдықтарды, жиынтықтауыштарды, мамандандырылған қызметтерді жеткізушілер; инфрақұрылым объектілері: бір-бірін толықтыратын және жекелеген компаниялар мен тұтастай кластердің бәсекелестік артықшылықтарын күшейтетін ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, технопарктер, бизнес-инкубаторлар және басқа да ұйымдар тобы.

Республикада аумағында өндірістік алаңдар мен жетекші медициналық жоғары оқу орындарының шоғырлануына байланыстыНұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Ақтөбе облыстары фармацевтикалық кластерлерді құрудың ең тартымды өңірлері болып табылады.

Бұл – бірнеше әлеуметтік маңызды міндеттерді бірден шешетін маңызды стратегиялық бағыт. Бұл жаңа жұмыс орындары, ғылыми базаның деңгейін арттыру, GMP стандарттарына көшу, инновациялық препараттар жасау, отандық фармацевтикалық саланы танымал ету және, әрине, кластер құрылатын өңірдің экономикалық дамуы мәселесі. Еліміздің әртүрлі өңірлерінде кластерлер құру төңірегінде қазақстандық компаниялардың күш-жігерін біріктіру және оларды дамытуға мемлекет тарапынан да, жеке капитал тарапынан да инвестициялау импортты алмастыратын өнім өндірісінің өсуін және Қазақстан аумағында фармацевтикалық зауыттар салуға шетелдік компанияларды тартуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың есебін және қалдықтарын, медициналық жабдықпен жарақтандырудың қолданыстағы тәжірибесімен таныстыру мақсатында «№2 қалалық ауруханасында» болды.

Тараптар медициналық техникамен жарақтандырудың, оны жоспарлаудың, медициналық техниканы пайдалану тиімділігінің, мамандар даярлаудың (Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық және техникалық персоналы), сервистік қызмет көрсету мен жөндеуді жетілдірудің проблемалық мәселелерін талқылады.

Дереккөз: Дереккөз: "СК-Фармация" ЖШС баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще