Жаңалықтар
12.09.2022

СҚ-ФАРМАЦИЯ МЕН BAYER СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

2022 жылғы 12 қыркүйекте Бірыңғай дистрибьюторBayerкомпаниясының өкілдерімен онлайн-кеңес өткізді.Тараптар стратегиялық әріптестік, клиникалық зерттеулер нарығын дамыту және денсаулық сақтау саласындағы озық технологиялар трансферті мәселелерін талқылады.

Кеңеске Bayer компаниясының тарапынан ТМД елдері мен Ресейдегі бизнес операциялардың жетекшісі Тило Джоргал, ТМД елдеріндегі бизнес операциялар радиологиясының басшысы Ирина Панкова, Қазақстандағы Bayer Бас директоры Лаума Валтере, заң бөлімінің басшысы Гульмира Байсмакова, Медициналық директор Елена Гофман, нарыққа қолжетімділік, маркетинг және сату бөлімінің басшысы Дулат Конакбаев  және нарыққа қолжетімділік жөніндегі менеджер Ерхан Аханбаев қатысты.

Алғы сөзбен «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев және ТМД елдері мен Ресейдегі бизнес операциялардың жетекшісі Тило Джоргал сөз сөйледі.

Өз кезегінде, Бірыңғай дистрибьютор кеңеске қатысушыларды Қазақстанда қолданыстағы орталықтандырылған сатып алу жүйесі және Бірыңғай дистрибьютордың дәрілік қамтамасыз ету жүйесіндегі рөлі туралы хабардар етті. Сондай-ақ, фармацевтика саласындағы инвестициялық мүмкіндіктер және бірегей препараттарды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруге арналған шикізатты өндіруші компаниялармен ынтымақтастық бастамалары жарияланды.

Қымбат бағалы инновациялық өнімдер өндірісін дамыту, саланы технологиялар трансферті, бірегей дәрілік заттарды оқшаулау және субстанциялар өндірісі бағытында ілгерілету бүгінде қазақстандық фармацевтика индустриясы үшін маңызды мәнге ие.

Осыған байланысты, Мемлекет Басшысының жаһандық корпорациялармен ынтымақтастықтың, инвесторларды тартудың, технологиялар трансферті мен жаңа әзірлемелерді қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы алға қойған міндеттерін іске асыру мақсатында Бірыңғай дистрибьютор қаптамадан бастап өндірістің толық циклына дейін ірі брендтер еліне кіру үшін алаңды қамтамасыз ету бастамасын көтереді.

Инновация адамзаттың жаһандық мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарады, Bayer денсаулық сақтау саласындағы көшбасшы бола отырып, аурулардың алдын алуға және емдеуге арналған инновациялық шешімдерді ұсынады.

Бірыңғай дистрибьютор отандық өндірісті дамыту үшін ірі әлемдік фарминдустриямен өзара іс-қимылды дамыту және R&D орталықтары типі бойынша отандық ғылыми-зерттеу институттарын, ірі медициналық жоғары оқу орындарының ғылыми зертханаларын тарту, сондай-ақ оларды еркін экономикалық және индустриялық аймақтарда өрістету қуатты ынталандыру болып табылатынын ерекше атап өтті.

Қазақстандық тарап Bayer компаниясын дәрі-дәрмектер мен дәрілік шикізаттыңкелісімшарттық өндірісін дамыту үшін шақырды, бұл дамудың кең перспективаларын ашатынын атап өтті.

Кеңесте денсаулық сақтау саласындағы кадр мәселелеріне назар аударылды. Тараптар кадрлық ресурстар денсаулық сақтау жүйелері жұмысының тиімділігін, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін анықтайтынын атап өтті. Елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі жоғары білікті кадрлар саланы тиімді, қолжетімді етеді және медициналық көмектің сапасын арттырады. Bayer компаниясы Қазақстанның медициналық қоғамдастығы үшін білім беру іс-шаралары мәселелерін талқылауға қызығушылық танытты.

Онлайн-кеңестің қорытындысы бойынша қатысушылар бұл кездесу сындарлы және ашық диалог үшін мүмкіндік болғанына және қойылған міндеттерді іске асыру перспективасында маңызды рөл атқаратынына, сондай-ақ өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Анықтама:

Байер, Bayer AG – 1863 жылы құрылған неміс химия-фармацевтикалық трансұлттық корпорациясы. Штаб-пәтері Леверкузенде, Солтүстік Рейн-Вестфалияда (Германия) орналасқан. Әлемдегі ең ірі фармацевтикалық компаниялардыңбірі. Қызметінің негізгі өңірлері АҚШ(сатудың 30%-ы), Германия, Қытай және Бразилия болып табылады.

Bayer AG 1863 жылы Фридрих Байер және оның серіктесі Иоганн Фридрих Вескоттпен Барменде (қазіргі уақытта Германияның Вуппертальбөлігі) құрылды. Корпорацияның алғашқы маңызды фармацевтикалық өнімдері ацетилсалицил қышқылыболды.
1899 жылы «Аспирин» тіркелген сауда белгісіне айналды, Bayer бүкіл әлемде ацетилсалицил қышқылын сатты.

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще