Жаңалықтар
27.02.2023

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ: АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ-мен СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК

27 ақпанда Алматы қаласында «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторы және «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті» КеАҚ өкілдерінің кездесуі өтті. Бірлескен ғылыми қызметті дамыту, сонымен қатар медициналық білім беруді ілгерлету және фармацевт кәсібін насихаттау үшін тараптар Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Ынтымақтастық дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз етудегі заманауи халықаралық стандарттар саласында мамандарды оқыту және кешенді біліктілігін арттыру үшін оқу-инновациялық бағдарламалар құру және жүргізуді қамтиды. Серіктестік өзіне медициналық-фармацевтикалық кластерлерді құру бастамасы шеңберінде ақпарат және тәжірибемен алмасуды және Қазақстан аумағында клиникалық зерттеулердің әлеуетін дамытуды қамтиды.

Осылайша, тараптар студенттер үшін фармацевтикалық білім берудің өзекті мәселелеріне арналған оқыту семинарларын, оқыту өндірістік тәжірибе бойынша білім беру бағдарламаларын, симпозиумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар жүргізуді қолға алмақ.

Меморандум шеңберінде өзара келісілген жағдайда методологиялық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, консультациялық, ақпараттық және ресурстық өзара қолдау көрсетілетін болады.

Импорт алмастырушы дәрі-дәрмектер жасауға бағытталған ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ұзақ мерзімді шарттардың әлеуетін пайдалану жолымен, клиника алды және клиникалық зерттеулер жүргізу міндеттердің бірі болып табылады

«Клиникалық зерттеулер жалпы денсаулық сақтау жүйесінің дамуының, елдің кадрлық әлеуетінің дамуының, сонымен бірге инновациялық технологияларға инвестиция тартудың драйверлерінің бірі болып табылатыны белгілі. Бүгінгі геосаясат жағдайында клиникалық зерттеулердің көршлес елдерден шығуы байқалуда және Қазақстанның да бұл орынға ие болуға зор әлеуеті бар», - деді «СҚ-Фармация» ЖШС-нің Басқарма Төрағасы Ерхат Искалиев.

Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті медицинаның әр түрлі бағыттарында жоғарғы инновациялық әлеуетке ие екенін атап өткен жөн.

Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Б. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының өз құрамында клиникалық-эксперименталдық зертханаға, ғылыми клиникалық-диагностикалық зертханаға, вивариге, тұрғындар денсаулығының тәуекелін бағалау зертханасына, Эксперименталды фармакология орталығына ие.

Сондай-ақ ҚазҰМУ-дың құрамына медицинаның негізгі бағыттары бойынша жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар кірді:

  • Ø Онкология және радиология қазақ ғылыми-зерттеу институты;
  • Ø Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы;
  • Ø Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы;
  • Ø Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты;
  • Ø А.Н. Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы.

Жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу орталықтармен интеграциялану

университеттің ғылыми, клиникалық және білім беру қызметінің әлеуетін едәуір жоғарлатты.

         Кездесу барысында тараптар сонымен бірге трансляциялық медицинаны дамытуды, яғни тәжірибелік денсаулық сақтауға іргелі зерттеулердің нәтижелерін енгізуді, халықаралық стандарттарға сәйкес сертификаттар ала отырып зерттеу және өндірістік инфрақұрылымды жетілдіруді талқылады.

         Осылайша, ҚазҰМУ-мен жүзеге асырылатын денсаулық сақтау және ғылымның академиялық жүйесінің моделі университеттің клиникалық құрылымдарын, сонымен қатар медицинаның негізгі бағыттары бойынша жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтарын қамтиды.

Инновациялық өнімдерді өндіруді дамыту, саланы технология трансфері бағытына ілгерлету, ерекше дәрілік заттарды локализациялау және субстанцияларды өндіру Бірыңғай дистрибьютордың қызметінде негізгі мағынаға ие.

Осындай тәсілдің арқасында барлық Қазақстан бойынша мамандарды оқыту және кешенді біліктілігін арттыру үшін BigPharmaменбірге әртүрлі оқыту-инновациялық бағдарламалар жүргізуге мүмкіндік бар. Мысалға, ҚР ДСМ және Roche фармалпауытының арасындағы қол қойылған Келісім шеңберінде Назарбаев Университеті Медицина мектебінде құрылған оқыту орталығы алаңында және  басқа да әлемдік вендорлармен бірге оқыту-инновациялық бағдарламаны қосу.

Сонымен қатар, General Electric компаниясы жоғары технологиялық медициналық құрылғыларды тиімді пайдалануда денсаулық сақтау жүйесінің жоғары деңгейлі білікті мамандарын қамтамасыз ету үшін болашақта оқыту бағдарламаларын және тренингтер ұйымдастыруға қызығушылық білдіруде.

Орнатылған құрылғыларды тиімді пайдалануды жоғарлату мақсатында GE Healthcare компаниясы Қазақстанда GE Academy бөлімшесін ашуды жоспарлауда.

Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен серіктестіктің нәтижесі болашақта халықаралық деңгейде мойындалған жаңа білім беру бағдарламаларын жасау және ілгерлету болмақ. Денсаулық сақтау мен ғылымның интеграцияланған академиялық жүйесінің құрылуы және дамуы білім беру сапасының жоғарлауымен бірге озық медициналық сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. 

Кадрлық ресурстар денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін, тұрғаныдарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін айқындайтыны атап өтілді. Кездесу соңында тараптар нәтижелі ынтымақтастыққа дайындығын білідріп, бірлескен жұмыс іргелі ғылымның дамуына серпін беріп, Қазақстанның ғылыми мұрасын нығайтатынын атап өтті. Сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесі үшін ғана емес, бизнес үшін де үлкен перспективалар ашады.

Анықтама:

Университеттің негізі 1928 жылы қаланды және бүгінгі таңда «КазҰМУ» елдің медициналық жоғарғы оқу орындарының арасында алдыңғы орынға ие. «КазҰМУ» КеАҚ АҚШ Ұлттық денсаулық институттарының грантын негізгі серіктес ретінде алған бірінші қазақстандық ұйым.

1951 жылы университет базасында қазіргі уақытта Фармация мектебіне трансформацияланған фармацевтикалық факультет ашылды. Мектептің негізгі мақсаты фармацевтика тәжірибесі мен ғылымы саласында жұмыс жасау үшін жоғары фармацевтикалық біліммен мамандар дайындау болды.

Қазіргі уақытта  фармация мектебінде мамандарды дуалды даярлау жүргізілуде, Санкт-Петербург мемлекеттік химиялық-фармацевтикалық университетімен бірлесе «Фармацевтикалық өндірістің технологиясы» мамандығы бойынша студенттерді дайындау жөнінде білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда

Дереккөз: «СҚ-Фармация» ЖШС Баспасөз қызметі
1439
Байланыс орталығы
Барлық абоненттерге қоңырау шалу тегін
Подробнее
Халықтық бақылау
Басқарма Төрағасының блогы
Толығырақ
Бейне
Фотогалерея
МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК АЛЫПТАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚҚА КЕЛЕДІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ӨНДІРІСІНІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ
Подробнее
ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Подробнее
«Қазақстандағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы. Қазіргі тенденциялар» Халықаралық конференциясы
Подробнее
Дистрибьютерлердің, логистердің және жеткізушілердің қатысуымен кеңес (15.06.2016 ж.)
Подробнее
ОТӨ-мен кеңес (14.06.2016 ж.)
Подробнее
Посмотреть еще