ҚР азаматтарының дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуіне құқығы бар.
Қамтамасыз етудің 2 пакеті бар: тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі (ТМККК) шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС).
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету екі түрге бөлінеді:
1) стационарлық – бұл ауруханаларда дәрілік ем алу;
2) амбулаториялық – емханаларда рецепт бойынша дәрі-дәрмек алу.
ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектердің тізбесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Құжатта тегін қамтамасыз ету қарастырылған аурулар, сондай-ақ дәрі-дәрмектер тізімі келтірілген.
ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу жөніндегі оператор болып СҚ-Фармация Бірыңғай дистрибьюторы анықталды. Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алуға арналған дәрі-дәрмектердің тізбесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен болатын.
Сонымен қатар, бірқатар дәрі-дәрмектерді медициналық ұйымдардың өздері сатып алады.
СҚ-Фармация дәрілерді тек тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін және тек мемлекеттік медициналық ұйымдар үшін сатып алады және жеткізеді.
Тегін дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады?
1 Тұрғылықты жерінде емханаға тіркелу;
2 Диспансерлік есепке тұру және учаскелік терапевттің немесе бейінді маманның бақылауында болу;
- Егер ауру тегін қамтамасыз ету Тізіміне енгізілген болса, тегін рецепт алу
(рецепттерді тек учаскелік дәрігерлер мен медициналық ұйымдардың бейінді мамандары ғана жазып береді);
3 Медициналық ұйымдардың жанындағы дәріханадан рецепт бойынша жеке куәлігіңізбен дәрі-дәрмекті алу.
Егер жазып берген дәрі-дәрмектер болмаса, қайда баруға болады?
Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша «СҚ-Фармация»-ның байланыс орталығы 1439 (мобильді және қалалық нөмірлерден). Барлық қоңыраулар тегін.